Ш.Айтматов шығармаларының құрметіне монеталар шығарылды

540

Бір қорапта 6 тиыннан салынған. Әр монетаға сертификат пен буклет қоса беріледі.

Ш.Айтматов шығармаларының құрметіне монеталар шығарылды Фото: Кабар

Қырғызстан Ұлттық банкі Шыңғыс Айтматовтың шығармаларына арналған жаңа коллекциялық монеталарды ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, тиындар әлемдегі ең көп оқылатын заманауи жазушылардың бірі, әлемге әйгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың "Жәмиля", "Алғашқы ұстаз", "Ана өрісі", "Қош бол, Гүлсары!" мен "Ақ кеме" шығармаларына арналған.

Оның шығармалары әлемнің 170-тен астам тіліне аударылып, жалпы таралымы 60 миллионнан асты, жүзден астам елде басылып шықты. 

2009 жылғы 4 мамырдан бастап айналымдағы монеталар Қырғыз Республикасының аумағында ресми төлем құралы мәртебесіне ие. Бір қорапта 6 тиыннан салынған. Әр монетаға сертификат пен буклет қоса беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу