Ш.Мұртазаның 90 жылдығына орай халықаралық симпозиум өтті

563

"Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің қолбасшысы" симпозиумы Түркістан қаласындағы "Farab" кітапханасында ұйымдастырылды, деп жазады Inbusiness.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.  

Ш.Мұртазаның 90 жылдығына орай халықаралық симпозиум өтті Фото: gov.kz

Халықаралық симпозиумға Қырғызстан мен Өзбекстаннан және еліміздің басқа аймақтарынан ғалымдар мен қаламгерлер, зиялы қаым өкілдері шақырылды. Қонақтарға "Шерхан Мұртаза-90" экспозициясын тамашалау ұсынылды.

Басқосуда ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, журналист, публицист, Қайнар Олжай, республикалық "Егемен Қазақстан" газеті бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан және өзге де қатысушылар Шерхан Мұртазаның мектебі, жазушының қазақ руханиятына қалдырған мұрасы туралы баяндады. 

"Біз Шерағаңның шекпенінен ғана шыққан жоқпыз, Шерағаңның университетінен тәлім алдық. Ардақты Шерағаңмен бірге "Егемен Қазақстан" газетке жаңа леп келді, ұлттық болмыс пайда болды. Әсіресе, қазақи бояуы қанық мақалаларға басымдық берді. Қаламгердің ерекшелігі, өнегесі, міне осында", - деді Қайнар Олжай.

Өзбек жазушысы, аудармашы, Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік Өзбек тілі және әдебиеті университетінің ғалымы Қазақбай Йулдашев, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылымдар Академиясының Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Келдібек Қойлыбаев жүрекжарды лебіздерін жеткізді. "Бір кем дүние" жинағын өзбек тіліне аударған Далымжан Сайфуллаев, Түркиядағы Гази университетінің профессоры, әдебиеттанушы-ғалым Жемиле Кынажы және түрколог, Баку мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері Малейка Мирзали zoom жүйесі арқылы жазушының шығармашылығы туралы пайымды пікірлерін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу