Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысында құбыры тартылғанмен берілетін суды тұщыландыратын зауыт құрылысы кешігіп жатқанын сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Маңғыстау облысының тұрғындарынан тұрақты негізде шағымдар түседі. Өңірде желілер салынды, алайда су тұщыту зауыттары мен қондырғыларды салу жобаларын іске асыру кешігуде. Облыс әкіміне құрылыс жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырамын. Денсаулық сақтау министрлігі судың сапасы мен тазалығына бақылауды күшейтуі қажет", - деді ол.
Олжас Бектенов Атырау қаласында сорғы-сүзгі станциясын жаңғырту жобасын әзірлеу ұзаққа созылып кеткеніне назар аударды.
"Ол нысанның тозу көрсеткіші шамамен 90%-ға жеткен. Әкімдікке бірінші шілдеге дейін жобаны әзірлеуді аяқтауды және оны дереу іске асыруға кірісуді тапсырамын", - деді Премьер-министр.