"Шағымдар бар": Зүлфия Сүлейменова бұралқы иттер туралы

443

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова осы мәселеге байланысты пікір білдірді. 

"Шағымдар бар": Зүлфия Сүлейменова бұралқы иттер туралы Фото: Жайық Пресс

Ведомство басшысы қаңғыбас иттер бойынша шағымдар бар екенін жасырмады, деп жазады inbusiness.kz.

"Иә, шағымдар бар. Проблема бар. Министрліктің жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша жедел желіні іске қосу себебінің біріне келіп түсетін шағымдардың көп болуы жатады. Шағымдар әртүрлі екенін атап өту керек. Бірі жануарларға қатыгездікпен қарау туралы шағымдар болса, екіншісі жануарлардың шабуыл жасауына қатысты. Иелері үлкен иттерін бақылаусыз қалдырып жатады. Бұл иттер кейде балаларға шабуыл жасайды және т.б. Осындай да шағымдар бар", - деді министр Үкімет кулуарында. 

Айта кету керек, Мемлекет басшысы бүгінгі кеңейтілген кеңесте бұралқы иттер мәселесін көтеріп, шаралар қабылдау қажеттігін тапсырған болатын.

"Иә, жануарларға қамқорлықпен қарауымыз керек. Алайда олардың адамдарға, әсіресе балаларға агрессия танытуына жол беруге болмайды. Өз кезегінде қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шегушілердің саны артып келеді. Шаралар қабылдау керек", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу