Шағын авиациядағы тағы бір әуе компаниясының қызметі тоқтатылды

1587

"Фауна Эйр" әуе компаниясының Қазақстан Республикасындағы азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушыларына қойылатын сертификациялық талаптарды бұзғаны анықталды.

Шағын авиациядағы тағы бір әуе компаниясының қызметі тоқтатылды

ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті инспекторларының тексеруі кезінде "Фауна Эйр" әуе компаниясының Қазақстан Республикасындағы азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушыларына қойылатын сертификациялық талаптарды бұзғаны анықталды (1-деңгей), деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті 2018 жылдың 8 қазанынан бастап "Фауна Эйр" ЖШС-ге авиациялық жұмыстарға берілген Куәлігін пайдалануына шектеу қойды. 
Бұған дейін азаматтық авиация комитеті ҚР бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген жұмыстың нәтижесінде 17 ұшақтың және шағын авиацияның 2 әуе компаниясының (Азия Континенталь Авиалайнс және "КАЗАВИА" Тәуелсіз әуе компаниясы" ЖШС) қызметі уақытша тоқтатылған болатын. Сондай-ақ, рейстің және техникалық жұмыстардың сапасыз ұйымдастырылуына байланысты 16 әуе компанияның лауазымды тұлғасына қатысты тәртіптік шаралар қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу