Шағын бизнеске жасалатын салықтық жеңілдіктерден бюджетке 200 млрд теңге шығын келеді

1542

Оның орны кедендік салық есебінен толтырылмақ.

Шағын бизнеске жасалатын салықтық жеңілдіктерден бюджетке 200 млрд теңге  шығын келеді

Шағын бизнес үшін жасалатын салықтық жеңілдіктер келер жылы бюджетке 200 млрд теңге шығын келтіруі мүмкін. Бірақ бұған қаржы министрі Әлихан Смайылов алаңдап тұрған жоқ. Себебі оның орны кедендік салық есебінен толтырылмақ. Қазір мұндағы жұмыстардың барлығы да автоматтандырылған. Сондай-ақ "Астана-1" ақпараттық жүйесі іске қосылған. Ал бұл баж салықтарының түсімін арттыруға тиіс.

Дегенмен әзірге кедендік бақылау қызметінен түсетін салықтың мөлшері анық емес. Үкімет 2020 жылы бюджет шығыстарын 12,7 трлн теңге, ал түсімді 11,2 трлн теңге болады деп жоспарлауда. Дефицит – 1,5 трлн теңге. Ал биылғы 8 айдағы дефицит 503 млрд теңгені құрап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу