Шағын ГЭС құрылысы аяқталды

1182

Шағын ГЭС құрылысы аяқталды

ОҚО Қазығұрт ауданында жылына 63,2 млн кВт электр энергиясын өндіретін шағын гидро электр станциясының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды blognews.kz.

Бүгінде шағын станция орналасқан аумақтағы 4 елді мекенге тәжірибелік мақсатта бір ай мерзімге электр қуаты таратылуда. 
"Salem Consultinq" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 400 млн. теңге қаражат жұмсаған жоба осы аудандағы Үлкен кескен каналында орналасқан. Қажетті технологиямен жабдықталған станция енді жылына 63,2 млн. кВт электр қуатын өндіруге қауқарлы. 
Сағатына 1000 кВт электр қуатын өндіретін гидро электр станция алдағы уақытта жергілікті он адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. 
Естеріңізге салайық, Оңтүстік Қазақстандағы 844 елді мекен толық электр қуатымен қамтылған. Биыл қазынадан 11,7 млрд теңге бөлініп, 101 елді мекенді сапалы және тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету құрылыстары жүруде. Жұмыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10 есе артқан. Оның ішінде: жылдың қорытындысымен 85 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, тозығы жеткен электр жүйелері жаңартылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу