Онда Ресейдегі моноқалалар тұрғындардың мегаполистер мен ірі қалаларға жаппай көшуі салдарынан жойылу қаупіне ұшыраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Баяндамада шағын қалаларда халық санының азаюына негізгі себеп жастардың көшіп кетуі және үлкендердің табиғи түрде азайғаны мысал болады.
Әлбетте, инфрақұрылым жеткіліксіз, білім алу мен қызметте өсу мүмкіндіктері шектеулі, сонымен қатар, жастарға туған жерінде даму болашағын көру ықтималдығы өте аз.
Зерттеу нәтижелері бойынша, жастар арасындағы пессимизм шағын қалаларда көп байқалады: олардың тек 33%-ы болашаққа оптимистік сеніммен қарайды (мегаполистерде бұл көрсеткіш – 53%). Осындай қалалардағы азаматтардың шамамен 38%-ы тиімді жұмыс ұсынысы болса, басқа қалаға көшуге дайын екені айтылған.
Социологтар 1950 жылдан 2030 жылға дейін ірі қалалардан тыс аймақтардағы халық саны 36%-ға азаятынын, ал халқы 500 мыңнан жоғары қалаларда тұрғындар саны 25%-ға көбейетінін болжап отыр.