"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылғалы Астана қаласы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерін микронесиелеуге 992 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда жалпы 604,4 млн теңге сомасында 49 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде қызмет көрсету саласында 18 жоба, көлікте 2 жоба, саудада 15 жоба, өндірісте 5 жоба, қоғамдық тамақтануда 5 жобаға қолдау көрсетілді.
2017 жылы микронесиелеу шеңберінде 465,0 млн теңге сомасында 38 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде 22 жоба бастауыш кәсіпкерлер, кепілдік бойынша 22 жобаға 149,4 млн теңге сомасында кепілдік беріледі.
2018 жылы микронесиелеу шеңберінде 158,3 млн теңге сомасында 11 жоба қолдау көрді, оның 10 жобасы бастауыш кәсіпкерлер. Екінші деңгейлі банктердің қарауында жалпы сомасы 172,4 млн теңге болатын 12 жоба жатыр, сондай-ақ 165, 5 млн теңге сома берілетін 10 жобаны мақұлдап, бекітілу кезеңінде жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы жұмыспен тұрақты тұрде қамтамасыз ету мақсатында жаңа "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған болатын. Астана қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында екінші бағыт іске асырылуда – ол халықты микронесиелеуге бағытталған, оқытудан өткен және бастауыш кәсіпкерлерге арналған, жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бағдарламаның бір ғана қатысушысына берілетін қаржыландырудың максималды лимиті 8000 (сегіз мың) айлық көрсеткіш, бұл республикалық бюджет туралы сол жылға сәйкес бекітілген заң. Сонымен бірге, Бағдарламаның бір ғана қатысушысына берілетін қаржыландырудың максималды лимитін беруде несие бойынша қарызы жоғы есепке алынады және тұлға/компаниямен қосылып қаржы лизингімен келісімшарт жасалады.