Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салатын мораторий мерзімі 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.
"Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын. Оған мыналар қосылмайды: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер", – делінген құжат жобасында.
Айта кету керек, шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге жарияланған мораторийдың мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталады.