"Шағын мектептерден сыйымдылығы көп мектеп салуға көшіп жатырмыз"

710

Биыл Нұр-Сұлтанда 12 мектеп салынады.

"Шағын мектептерден сыйымдылығы көп мектеп салуға көшіп жатырмыз"

Сыйымдылығы 1200-2000 мың оқушыны қамтитын білім нысандары мектептерімізге түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді, деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында.

"Шағын мектептерден гөрі сыйымдылығы 1200-2000 мың оқушыны қамтитын білім нысандарын салуға көшіп жатырмыз (екі ауысымда 4 мың орынға дейін). Бұл шешім мектептерімізге түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді. Бүгін Т.Рысқұлов және №36, Е171 көшелерінің қиылысында орналасқан оқу орнының құрылысын көріп қайттым. Бұл мектеп нысанын биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Осы жылы салынатын мектеп саны – 12. 2021 жылы тағы осынша білім нысаны салынады. Мектеп, балабақша, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік нысандарды салған кезде дизайн-код ережелерін ұстанамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес стилистикалық тұрғыда бірыңғай, жайлы әрі қауіпсіз қаланы қалыптастыратын дизайн-код бекітілді", – деп жазды А.Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу