Бір ғана Маңғыстау облысында былтыр кәсіпкерлер тарапынан 5 мың арыз-шағым түскен. Басым бөлігі салық, жер және мемлекеттік сатып алу заңнамаларымен байланысты. Ал Қарандылық кәсіпкерлерге негізсіз 350 млн теңге айыппұл салған.
Марат Орынбасаров қисынсыз тексеріске 7 рет тап болып, 1 жарым жыл соттасып ақыры компаниясын заң аясында қорғаған кәсіпкердің бірі. Мұнай өндірісінен шыққан қалдықтарды өңдеумен 10 жылдан бері айналысатын мекемені Экология департаменті бір жарым жылда жеті рет тексерген. Кесірінен кәсіпорындардан келісілген жұмыс көлемін ала алмай, қызметіне кедергі келтірілген.
Бірақ департамент тарапынан болған тексеріс заңсыз екені сот арқылы дәлелденіп, кәсіпкер жұмысын қайта жолға қойды. Тексергіш органдар бұл кәсіпкерден басқа тағы 6 кәсіп иесіне заңсыз шүйліккен.
"Тағы бір мысал. Мемлекеттік органдармен әкімішілік айыппұлдың күшін бұзу. Яғни, экология департаменті мен "Кенсары" жеке кәсіпкеріне қатысты әкімшілік хаттама жасақталған. Бұл біздің, облыстық прокуратураның қатысуымен наразылыө бұзылды", дейді Маңғыстау облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Нұрат Саматов.
Ал Қарағанды облысында өткен жылы 14 кәсіпкерді жауапты органдар негізсіз тексеріп, 350 млн теңге көлемінде айыппұл салған.
"Мобильді топтар 24 сағат бойы жұмыс істейді. Өткен жылы облыс бойынша 155-тен аса сигнал тексерілді. Әрбір үшінші өз растауын тапты. 7 тексерудің алдын алды. Екеуі заңсыз деп танылды. 23 заңсыз тыйым салу шаралары жойылды", дейді Облыстық прокуратураның басқарма басшысы Бекзат Ахметов.
Прокуратура қызметкерлері заңсыз тексерісті жүргізетін шенеуніктермен күресті күшейтпек. Өйткені, бір ғана Қарағанды облысында жергілікті әкімдіктің 50 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал мараториді пысқырмайтындар үшін алдағы уақытта "телеграм бот" ашылады. Яғни, әр кәсіпкер дереу прокурор көмегін алады. Жоба наурыз айында басталады.
Нұрлан Қуанышбай