Шағын және орта бизнес субъектілері активтерінің 44%-ын әйелдер басқарады

1212

Сенат төрағасы жеңіл өнеркәсіптегі стартаптардың негізгі үлесі кімдерге тиесілі екенін айтты.

Шағын және орта бизнес субъектілері активтерінің 44%-ын әйелдер басқарады

"Жеңіл өнеркәсіп еліміздегі ең проблемалы сектор. Себебі экономикада өңдеуші саланың айрықша басымдыққа ие болуына байланысты бұл сала көп уақыт бойы назардан тыс қалып келді. Жеңіл өнеркәсіп экономиканы түрлендіруге, әсіресе, пайдалы қазбалар қорының азайып, мұнай бағасының төмендеген кезінде дағдарыс толқынына қарсы тұру мүмкіндігінің бірі болып саналады", – деді Дариға Назарбаева сенатта өткен парламенттік тыңдауда. 

Сенат төрағасының сөзінше, жеңіл өнеркәсіп саласы әйелдерді жұмыспен қамтуда ерекше маңызға ие.

"Бүгінгі таңда еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің барлық активтерінің 44%-ын әйелдер басқарады. Олар шағын және орта бизнес секторындағы барлық жұмыс орындарының 31%-ын қамтамасыз етеді. Жеңіл өнеркәсіптегі стартаптардың негізгі үлесі әйелдерге тиесілі. Олардың белсенділігінің арқасында сала жандана бастады", – деді Дариға Назарбаева.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу