Шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмыс кестесіне қосымша өзгеріс енгізілуі мүмкін

1059

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева елордада күн сайын 1200-1500 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмыс кестесіне қосымша өзгеріс  енгізілуі мүмкін

"Соңғы аптада 9 934  СOVID-19 вирусын жұқтырған науқас тіркелді. Бұл алдыңғы аптадан 37,5% -ға жоғары көрсеткіш. Коронавирустың таралуының негізгі нүктесі адамдар көп жиналатын орындар, соның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары болып тұр", – деді Айгүл Шағалтаева.

Оның айтуынша, Ashyq мобильді қосымшасы арқылы күніне 200-ге жуық адамның үй карантинін бұзатыны анықталады. 

"Кейбір адамдар науқас екенін біле тұра, көпшілік жиналатын орындарға барады. Осылайша сау адамдардың ауру жұқтыру ықтималдығын арттырады. Қазір карантин шарасын қатаңдату мәселесі қаралып жатыр. Біз шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмыс кестесі мен режиміне қосымша өзгеріс  енгізуді ұсынып отырмыз", – деді Айгүл Шағалтаева.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу