Шағын және орта бизнеске 12,6%-дық жеңілдетілген несие беріледі

150

Былтыр несиені субсидиялау арқылы жеңілдетілген қаржыландыру шараларымен 1 трлн теңгеге 17 мыңнан астам бизнес жобасы қамтылды.  

Шағын және орта бизнеске 12,6%-дық жеңілдетілген несие беріледі Фото: nationalbank.kz

8 мың жоба бойынша 310 млрд теңге сомаға кепілдік берілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Биыл осы мақсаттарға 275,2 млрд теңге бағытталмақ. Өңірлер бөлінісінде жобалардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Алматы, Түркістан және Ақтөбе облыстарында іске асырылды. Салалар бойынша өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау және білім беру жобалары басым", – деп мәлімдеді ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

"Даму" Қорының құралдары бойынша кәсіпкерлерді қолдауға арналған бюджет қаражатын пайдаланудың экономикалық тиімділігі 2010-2024 жылдар аралығында 1 трлн теңгеден астам бюджетпен 6 трлн теңгені құрады, тиісінше мемлекеттік қаражат бюджетке төленген салықтар есебінен 6 еседен астам мөлшерде қайтарылған.

Сонымен қатар, қолдаудың нарықтық тетіктеріне көшу шеңберінде кешенді бағдарламаға өзгерістер енгізіледі: "Даму" қоры базасында жаңадан құрылатын өңірлік кепілдік қорлары арқылы портфельдік субсидиялау және кепілдік беру енгізіледі.

Дарын Әбдуәлінің айтуынша, негізгі жаңалық – шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді тікелей екінші деңгейдегі банктерге беру. Бұл өтінімдерді қарауды жеделдетуге және бизнесті қолдаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

"Даму" қорының базасында кепілдік қорларын құру бойынша негізгі жұмыс аяқталды. Тетіктер ірі инвестициялық жобаларды 7 млрд теңгеден бастап, шағын және орта бизнесті 7 млрд теңгеге дейін қамтиды. Экономикалық өсуді жандандыру мақсатында жылдық 12,6% мөлшерлемемен ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасы әзірленіп жатыр. Несие қоса қаржыландыру шарттарымен екінші деңгейдегі банктер арқылы беріледі. Бір қарыз алушыға немесе байланысты қарыз алушылар тобына ең жоғары лимит 7 млрд теңгеге дейін болады", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу