"Шағын және орта бизнеске 42 млрд доллар кредит жетіспейді"

811

Кредиттік ресурстардың жетіспеушілігі отандық бизнес үшін елеулі проблема болып қалып отыр.

"Шағын және орта бизнеске 42 млрд доллар кредит жетіспейді"

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстанда шағын және орта бизнестің толық қаржыландырылмауы шамамен 42 миллиард долларды құрайды. Банктерде триллиондаған өтімді активтер жинақталған, ол іс жүзінде экономикаға жұмыс істемейді", – дейді Тоқаев.

Ол Ұлттық банк, қаржылық реттеу жөніндегі агенттік, үкімет нақты секторды тұрақты және қолжетімді кредиттеуді қамтамасыз ететін нақты шешімдер табуға тиіс деп тапсырма берді.

"Жағдай күрделі. Ұлттық Банк тапқырлық көрсетуі керек. Шетелде оң мысалдар бар", – деді президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу