Қазақстанда алғаш рет жаппай шағын және орта бизнеске 6%-бен несие берілетін болды, деп хабарлайды Atameken Business.
Сондай-ақ, Үкімет Өнеркәсіпті дамыту қорын құрмақ. Ондағы субъектілерге тағайындалатын экспорттық кредит 3%-дан аспайды. Диқандардың да енді еккені қырман басында шіріп қалмауы тиіс.
Ірі компаниялардың бірде біріне қаржылай қолдау берілмейді. Ұлттық экономика министрлігі бүгін осындай мәлімдеме жасады. Ведомство мәліметінше, тіпті қолдау алатын ауқымды кәсіпорындардың тізімі де жасалмайды. Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде "Мемлекеттен ақшалай қолдау алатын компаниялар" деген санаттағы 361 компанияның тізімі тарап, қоғам арасында дау тудырған болатын. Бірақ кейін министрлік бұл жалған ақпарат екені хабарлады. Енді Үкімет тарапынан ірі компанияларға тек түрлі салықтық жеңілдіктер ғана жасалмақ.