Шағын және орта бизнеске салық амнистиясы жүргізілмек

1677

Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке осындай тапсырма берді.

Шағын және орта бизнеске салық амнистиясы жүргізілмек

Президент шағын және орта бизнеске салық амнистиясын жүргізуді тапсырды. Амнистияға сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қалыптасқан айыппұлдар мен салық борыштары бойынша өсімдер жойылады.
Сондай-ақ президент экспортқа бағытталған индутрияландыру экономикалық саясаттың орталық элементіне айналуы тиіс екенін ескертті. 
"Экономикалық саясаттың басты бағыты – экспортқа шығу. Әсіресе, шикізатты өңдеу саласына басымдық берген жөн", – деді президент жолдауында.
Елбасының сөзінше, мемлекеттік органдар отандық кәсіпорындардың халық көп тұтынатын тауарлар тізбесін шығаруды кеңінен игеруіне көмектесуі керек.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу