Шағын және орта бизнеске жаңа жоба ұсынылды

1124

Шағын және орта бизнеске жаңа жоба ұсынылды

Қазақстанда шағын және орта бизнес үшін ашық цифрлі платформа құрылады. "Нұр Отан" партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында аталған жоба ұсынылды, деп хабарлады astanatv.kz.

"Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен бірлесіп, "Қазақтелеком" компаниясы отандық бизнесті жаңа белеске алып шықпақ. Бұл – заман талабы. Қазірдің өзінде палатаның іске қосқан "Atameken Services" электронды қызмет көрсету жобасы арқылы Қытай және Грузия елдері өз тауарын саудаға шығармақ. Әлемдік нарықтың онлайн жүйені тиімді қолданып келе жатқаны тек бүгін емес.

Бұл платформаның кәсіпкерлер үшін пайдасы мол. Қажетті сервистерге қол жеткізе отырып, маркетинг, сатылым жүйесін біржақты қылып, тасымал мәселесін шеше алады. Яғни кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық қажетті дүниені бір жерден алуға болады. Мысалы "Амазон" компаниясы бір жылда экожүйені қызмет ретінде ұсына отырып, 3 млрд доллар пайда табады", - дейді "Атамекен" ҚР КҰП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Жиынға қатысқан бизнес өкілдері мұндай идеяны қарапайым нарыққа барынша қажетті және қолжетімді қылып жасау керек деп отыр. Әсіресе, ауылда кәсібін өрге домалатқысы келетіндер үшін бұл біліктілігін көтеріп, білімін толықтыратын плаформаға айналуы қажет.

"Ауыл халқы үшін мол мүмкіндіктің бар екенін көрсету керек. Шынымды айтайын, кей адамдар тіпті қарапайым, гугл, ютубқа кіріп, бизнес идеялар деп қарай алмайды. Ал егер оларға дайын нұсқаларды осы платформада ұсынса ше? Ең бастысы, нарыққа қажетті қылып жасақтау. Ал жүйе соның негізінде жұмыс істеу керек. Бұл тек кабинетте отырып алып жасалынса, іске асуы екіталай", - дейді кәсіпкер өкілі Медер Аматов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу