Шағын және орта бизнесте өнім шығару бір жылда 25%-ға өскен

1090

Шығарылған өнімнің едәуір бөлігі шағын бизнес үлесінде, әрі секторда жұмыспен қамтылғандар да көп.

Шағын және орта бизнесте өнім шығару бір жылда 25%-ға өскен

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 25,4%-ға артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-маусымда салада 17,5 трлн теңгенің өнімі шығарылған.

Сектордағы жылдық өсім барлық өңірде байқалды: Павлодар облысынан (9,8%) Түркістан облысына дейін (65,9%). Тек Маңғыстау облысы минус (5,2%).

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өнімінің жартысына жуығы Алматы (4,5 трлн теңге) және Нұр-Сұлтанда (4 трлн теңге) өндірілген. Өнімдердің 70,6%-ы немесе 12,4 трлн теңге тікелей шағын бизнеске тиесілі.

Орта бизнесте 19,6% немесе 3,4 трлн теңге. Жеке кәсіпкерлерге 8,3% немесе 1,4 трлн теңге, шаруа қожалықтарының үлесі – 1,5% немесе 266,5 млрд теңге.

Барлық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің үштен екісі жеке кәсіпкерлерге тиесілі – 62,8%, шағын бизнеске – 21,1%, шаруа қожалықтарына – 15,9%, орта бизнеске – 0,2%. 

Сонымен қатар салада жұмыс істейтіндердің 41,5%-ы көпшілігі шағын бизнесте тер төгіп жүр.

Одан кейін тізімде жеке кәсіпкерлер тұр: сектордағы жұмыспен қамтылғандардың 39,3%, орта бизнесте – 10,3%, шаруа қожалықтарында – 8,9%

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу