Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға 1 трлн теңге бөлінеді

1330

Пандемияға қарсы іс-шара кезінде ең көп зардап шеккен кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетеді.  

Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға 1 трлн теңге бөлінеді

Ол үшін бюджеттен 1 трл теңге бөлінеді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ұлттық экономика министрлігі Президент тапсырмасына сәйкес осындай науқанға кірісіп кеткенін мәлімдеді. Министрлікке қарасты Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директоры Шыңғыс Ахметовтың  айтуынша, қаржылай қолдау 2 бағдарламамен жүргізілмек.

Бірнішісі – "Қарапайым заттар экономикасы". Оған 400 млрд теңге жұмсалады. Екіншісі – "қаржыны айналдыруға мерзім беру" бағдарламасы. Мұнда кепілдендірілген несиемен 600 млн теңге үлестірілмек. Кредит кәсіпкерлерге 6%-бен, 1 млрд теңгеге дейін беріледі. 

Статистика бойынша Қазақстанда 1 млн 200 мыңға жуық шағын бизнес субъектісі бар. Төтенше жағдай салдарынан 80%-ының қызметі тоқтап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу