Шағын және орта бизнесті тексеру емес, қолдау қажет

1214

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті тергеу басқармасының басшысы Олжас Сүлейменов қылмыстық іс жүргізудің 3 деңгейлі жүйесі кәсіпкерлерді заңсыз тексеруден қорғайтынын мәлімдеді. Бұл туралы "Атамекен" өңірлік палатасында өткен дөңгелек үстелде айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шағын және орта бизнесті тексеру емес, қолдау қажет

"Жаңа жобаға азаматтардың, оның ішінде кәсіпкерлердің конституциялық құқығы мен мүддесін қорғау міндеті жүктелген. Кәсіпкерлерге қысым жасауға, олардың ісіне кедергі келтіруге заң бойынша тыйым салынған. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін тексеру емес, қолдау шараларын күшейту қажет", – деді басқарма басшысы.

Олжас Сүлейменовтің сөзінше, қылмыстық іс жүргізудің 3 деңгейлі жүйесі кәсіпкерлерді қылмыстық процеске тартудың алдын алады. 

"Мүмкіндік беріліп, орайы келіп тұрған кезде кәсіпкерлерді көлеңкелі экономикамен айналыспауға, заңсыз ақша айналымын жасамауға, күмәнді келісімдерге қол қоймауға шақырамын!" – деді басқарма басшысы.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу