Шағын және орта бизнестің 1,3 млн субъектісі жұмыс істеп тұр

2142

1 маусымға дейін тіркелген көрсеткіш осындай.

Шағын және орта бизнестің 1,3 млн субъектісі жұмыс істеп тұр

Жыл басынан бері олардың саны 0,6%-ға артқан. Бұл туралы finprom.kz басылымы хабарлады. 

Жалпы, 2019 жылы шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 30,8% болды. Шығарылған өнімнің көлемі 31,2 трлн теңгеге дейін жеткен. 

Коронавирус пандемиясы осы секторға кері әсерін тигізгені сөзсіз. Осы орайда үкімет экономиканы несие беруді жандандыру мен бизенестің несиелік ресурстарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету жағын қарастырып жатыр. Шағын және орта бизнеске екінші деңгейлі банктерден бөлек микроқаржы ұйымдары да қолдау көрсетіп отыр. 2020 жылдың наурыз айында микроқаржы ұйымдарының қарыздық портфелі 35,6%-ға артып 316,1 млрд теңгеге дейін жеткен. Ал жыл басынан бері бұл көрсеткіш 7,8%-ға өскен. 

Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында үкімет салықтық ынталандыру жасап, несие беруді көбейтіп, бизнес жүргізуді жеңілдету жағын да қарастырып жатыр. Мысалы, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу