Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 28,5% болды

1605

Бұл фактор Қазақстан экономикасының өсуін ынталандырып отыр.

Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 28,5% болды

Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында ЖІӨ 4,1%-ға артса, ал 11 айдың қорытындысы бойынша, 4,4%-ға өсті, деп хабарлайды ranking.kz.

Экономика өсімінің негізгі факторы – шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесінің артуы. 

Бірінші жартыжылдықта шағын және орта бизнестің үлесі 28,5%-ға жетті, 2018 жылы 28,4%, 2017 жылы 26,8% болған еді. Мұндай кәсіпорындар шығарған өнімдердің жалпы құны 2019 жылдың қаңтар және маусым айлары аралығында 12,6 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 10,8%-ға артық.

Қараша айының соңындағы мәлімет бойынша, елдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны бір жылда 7,8%-ға көбейіп, 1,3 млн болды. Биыл әсіресе шаруа қожалықтарының саны едәуір өскен: бір жыл ішінде олардың саны 10,4%-ға көбейіп, 212,2 мыңға дейін жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу