"Бұл құжатқа сәйкес, шағын және орта бизнестің дамуына жаңа серпін беру үшін қажетті институционалдық жағдайлар мен алғышарттар қабылданатын болады", – дейді Смайылов.
Тұжырымдаманы іске асыру 2030 жылға қарай осы салада жұмыс істейтіндердің санын 5 миллион адамға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40%-ға, жалпы ішкі өнімдегі орташа компаниялардың үлесін 20%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
"Азаматтарға кәсіпкерлік қабілеттерін іске асыруға тиісті жағдай жасап, ашық әрі адал бизнес жүргізгенде ғана аталған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін болады", – дейді премьер-министр.
Қазір ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 34,7%-ға жетті. Жұмыс істеп тұрған ШОК-тың жалпы саны 1,4 млн-ға жетті. Оның айтуына қарағанда, үкімет "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы мен "Бизнестің жол картасы" аясында қолдау шараларын жалғастырады.