Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 22,6%-ға артты

660

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бір жыл ішінде елімізде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 22,6%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz. 

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 22,6%-ға артты Фото: Атамекен

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша олардың саны 1 732 696 субъектіні құрап отыр.

Оның жалпы санындағы жеке кәсіпкерлер үлесі – 67,3%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 19%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 13,5%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар үлесі – 0,2%.

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны бойынша Алматы көш бастады. Бизнес орталық ретінде танылған шаһарда 343 мың кәсіпкерлік бар, оның 277 мыңы ғана жұмыс істеп тұр. Үздік үштікте Астана (224 мың субъект, 196 мыңы жұмыс істейді) және Түркістан облысы (178 мың субъект, 175 мыңы жұмыс істейді) бар.

"Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс істеп тұрған субъектілер арасында 601 мыңы көтерме және бөлшек саудамен, автомобильдерді жөндеумен айналысады, Ал, 269 мың субъект ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында жұмыс істесе, құрылыс саласында 92 мың субъект бар. ШОК субъектілері санының үлесі электр энергиясы, газ және бумен жабдықтау секторында аз (1 769)", - делінген хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу