Астанадағы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 96,2 мыңға жетті. Ал,жеке секторда жұмыс істейтіндердің саны 297,6 мың, деп хабарлайды, еlorda.info.
Бірінші тоқсанның қорытынысы бойынша тіркеудегі субьектілердің саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9 пайызға,шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер 8 пайызға артқан.
Сонымен қатар бұл салада 797,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, 55,8 пайыздық көрсеткішке өрлеген. Бұған қоса осы аралықта сауда-саттық та қарқын алғаны байқалады. Оның жалпы көлемі 10,1 пйыздық өсіммен 481,1 миллиард теңге. Экономиканың тұрақты дамуы тұрғындар табысын 7,6 пайызға көбейтсе, бірінші тоқсандағы орташа жалақы 203,5 мың теңгеге тұрақтады.
Алғашқы тоқсанда жұмыссыздар саны 4,6 пайызды көрсетіп отыр. Проблеманы шешу үшін 9325 жаңа жұмыс орындары ашылса, 7708 орын шағын және орта кәсіпкерлік саласына тиесілі. 2017-2021 жылдарға арналған еңбекпен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 987 адам жұмысқа орналасқан.