Шахан кентіндегі қоймаға азық-түлік сыймай жатыр

601

Шахан кентіндегі қоймаға азық-түлік сыймай жатыр

Еріктілердің айтуынша, зардап шеккендерге ет, ұн, май, қант, сүт сияқты азық-түлік бір емес, бірнеше рет берілген.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген гуманитарлық көмектің көп болғаны соншалық, адамдар азық-түлік алудан бас тартып жатыр.

"Дәл қазір қоймада 1 центнер ет, 1 тонна ұн тұр. Бірер күннен соң дәл осындай көлемде Оңтүстік Қазақстан облысынан гуманитарлық көмек келеді. Ал қоймада орын жоқ. Бүгін апаттан зардап шеккен әр адамға тағы да бір-бір қап  ұн үлестірдік. Олардың басым бөлігі жанашыр жандарға алғыс айтып, көмекті қабылдаудан бас тартты", - деді Светлана Ержұманова есімді ерікті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу