Қарағанды облысы Шахан кентінде жылу қазандығының жарылу фактісі бойынша бес шенеунікке қатысты айып тағылды. Олардың ішінде кент әкімі және оның орынбасары, әкімдіктің бас маманы, тұрғын үй шаруашылық бөлімінің екі қызметкері бар. Оларға Қылмыстық кодекстің 370-бабы бойынша айып тағылып отыр. Яғни, "Қызметтегі әрекетсіздік" немесе өз жұмысына салғырт қарағаны үшін. Күдікке ілінгендердің барлығы да өздеріне тағылған айыптармен келіспейтіндіктерін айтқан.
Еске сала кетсейік, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарда аталған елді-мекендегі жылу қазандығының жарылу салдарынан тоғыз адам опат болып, екі адам зардап шеккен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу