Шахан тұрғындары Президентті кенттің ахуалымен танысуға шақырды

753

2017 жылы көп қабатты үй жарылып, 9 адам қаза тапқан Шахан кентінің тұрғындарынан тағы да маза қашты.  

Шахан тұрғындары Президентті кенттің ахуалымен танысуға шақырды

Себебі, жылдар бойы жандарын шүберекке түйіп жүрген тұрғындар биыл да орталықтандырылған қазандықсыз қалмақ, деп хабарлайды Atameken Business.

8 жылдың ішінде тиісті құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамасы сан мәрте өзгеріп, 158 млн теңге де жұмсалған көрінеді. Амалдары таусылған жұрт бұл жолы Президенттің өзін өңірге шақырды. Қонаққа емес, қақаған қыс кезінде үрей құшағында отыратын жұрттың жан-айқайын есту үшін келуін сұрап отыр. Мұндағы мәселе неге шешілмей келеді?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу