Шаханның қажеттілігіне облыстық бюджеттен 164,4 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сессиясында 2017 жылға арналған бюджет нақтыланды. Шаханда бюджет қаржысына екі мектеп жөнделеді.
Осы мақсатта 63 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар мемлекет қаржысы есебінен Горная және Чайковская көшелеріндегі жолдар жөнделеді. Барлығы 11,4 млн теңге жұмсалмақ. Сондай-ақ 90 млн теңге "Новодолинка – Шахан – Молодецкое" жолында орташа жөндеу жұмысын жүргізуге бағытталады.
Шахтинск әкімі Сержан Аймақов облыс әкімдігінде өткен аппарат отырысында айтып өткендей, Шахандағы 14 көп қабатты тұрғын үйдің жертөлесінен шығару туралы жоспарға тоқталды. Есеп бойынша оған 90 млн теңге қажет. Заң бойынша бюджет қаржысын пайдалануға болмайды.
"Тағы бір қайырымдылық қоры құрылды, сонымен жұмыс істейміз. Сәуір айында бір қазандық шығарылады, қалғанын 1 қарашаға дейін шығару қажет", – дейді Сержан Аймақов.