Шаханда қираған үйдің қазандығы заңсыз орнатылған

1197

Шаханда қираған үйдің қазандығы заңсыз орнатылған

Шахандағы тұрғын үйді қиратқан қазандық заңсыз орнатылған, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Мен бір нәрсе ғана айта аламын, талап бойынша ол жерде қазандық болмауға тиіс. Құрылыс нормалары бар және онда тұрғын үйдегі қазандық қарастырылмаған", - деді Қазақстан қайта құру және даму көпсалалы институтының директоры (ҚазҚДКИ) Жұмағұл Нугужинов журналистерге берген сұхбатында.

"Қазандықтың немесе басқа бір заттың жарылғанын тергеу органдары мен құзіретті тұлғалар анықтайды. Мен бұл туралы ештеңе айта алмаймын. Бір білерім, құрылымның зақымданғанына қарап жарылыстың болғанын айта аламын және ол жоғарыда емес, төменде болған. Себебі, бірінші қабаттағы баспалдақ көтерілген (...) Ол жерде мүмкін қазандық, мүмкін газ жарылды...", - деп айтты ол, қазандық немесе газ баллоны жарылғанын сұраған журналистерге.

Оның айтуынша, қалпына келтіру жұмыстарының құны әлі есептелмеген.

Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минутта Қарағанды облыстық ТЖД құтқару бөлімшесіне Шахан кентіндегі көп қабатты үйдің жартысы қирағаны туралы хабарлама түскен. Құтқарушылар қираған үйіндінің астынан қаза болған 9 адамның, соның ішінде үш ер кісі, үш әйел адам, үш баланың мәйітін шығарды. Шахандағы ТЖ себебін ведомствоаралық комиссия анықтауда. 

Алдын ала деректер бойынша, төтенше жағдай автоматты жылыту жүйесінің ақауынан болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу