Шахандағы барлық жылу қазандығы жертөлелерден шығарылуда

929

Шахандағы барлық жылу қазандығы жертөлелерден шығарылуда

Қарағанды облысы Шахан кентіндегі барлық жылу қазандығы көп қабатты үйлердің жертөлелерінен шығарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қысқа дайындық жұмыстары  аяқталуға жақын", - деді Қарағанды облысы әкімдігінде өткен жиында Шахан қаласының әкімі Сержан Аймақов.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспар бойынша кенттегі қауіпсіз қашықтықтарға 14 автономды жылу жүйесі шығарылуы керек болған.

"Техносервис" кәсіпорыны көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесінен екі автономды жылу жүйесін шығару жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, "PowerTechnologiesKZ" ЖШС тағы 11 автономды жылу жүйелерін жүргізу жұмыстарын аяқтады. Соңғы 14-інші жылу жүйесі осы аптаның аяғына дейін аяқталады. Қазіргі уақытта барлық ұйымдастыру жұмыстары мен қаржылық мәселелер шешілді", - деп мәлімдеді Сержан Аймақов.

Бұл жұмыстарға жұмсалған қаражаттың жалпы көлемі 86 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі таңда "Шұбаркөл - көмір" ЖШС Қарағанды облысы әкімі мен ERG  компаниясы арасындағы меморандум негізінде негізгі демеуші болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Шаханда 1-ші қаңтарда қайғылы оқиға орын алған болатын. Жертөледе орналасқан жылыту қазандығының жарылуы салдарынан бес қабатты үйдің бір бөлігі құлаған еді. Үйіндінің астында 9 адам қайтыс болды, оның үшеуі бала. Екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Сол түні кезекте болған пеш жағушы төтенше жағдайдан соң ғайып болды. Біраз уақыттан соң оның қатып қалған мәйіті даладан табылған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу