Шахандағы қарттар үйінде короновирус өршіп кетті

1120

96 адам короновирус жұқтырған.

Шахандағы қарттар үйінде короновирус өршіп кетті

Шахан елдімекенінде сырқатты жұқтыру деңгейі облыстық көрсеткіштен асып кеткен. Мамандар сырқат ошағын залалсыздандырып, ондағы қызметкерлер мен қарттарды ПТР тестілеуден өткізген. Дегенмен Шаханда сырқаттанғандар қатары артқандықтан билік бұл өңірде 6 ақпаннан бастап карантиндік шектеу шараларын күшейтуге кіріскен. Елдімекендерде мектепке дейінгі мекеме, білім саласына қатысты түрлі үйірмелер, спорттық жаттығу залдары мен мәдени нысандардың жұмысы тоқтайды. Сонымен қатар Шахандағы мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді. Демалыс күндері монша, сауна, базар жұмыстары тоқтатылады. Мұндағы екінші деңгейлі банктер, пошта бөлімшелері, нотариус, ломбард, сақтандыру компаниялары, шағын кредиттік ұйымдар алдын ала жазылу әдісімен сағат 09.00 - 16.00 аралығында ғана жұмыс жасайды.

Шахандағы қарттар үйінде короновирусты 70 қария және 26 қызметкер жұқтырған.

"Қазіргі уақытта ауру ошағы толық жойылды. Сырқатты жұқтырғандар мен олармен араласқан адамдар анықталып тексеріліп жатыр. Ал мекемеде дезифекциялық шаралар жүргізіліп, науқастарға көмек көрсетіліп жатыр",– деп мәлімдеді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми өкілі Айгүл Шатекова.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу