Қарағанды облысы Шахан кентіндегі апатты үйді жылумен қамтамасыз ету үшін жеке алаңға қуаты 400 кВт қазандық орнатылды, деп хабарлады өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.
Таратылған мәліметке сәйкес, тұрғындарға жылу 8 қаңтарда беріледі.
Бұған дейін 4 кіреберіс электр желісіне қосылды. Су өткізу және кәріз желілері тексерілді. Зардап шеккендерге көмек көрсету қоры құрылып, есепшот ашылды. Қор зардап шеккен тұрғындардың шығындарын өтеді 9 қаңтардан бастайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу