Шахматшы чемпионаттағы қарсыласын уламақ болды

505

Дағыстандық шахматшы Амина Абакарова ойын алдында қарсыласының тақтайының астына белгісіз сұйықтық төгіп жіберген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шахматшы чемпионаттағы қарсыласын уламақ болды Фото: vmo24.ru

Шахматшы Ұмайғанат Османова Дағыстандағы чемпионатында сырқаттанып қалды. Ол өзінің үстеліне белгісіз сұйықтық төгілгенін байқаған.

"Османова басқа шахматшыларды шақырған, олар жүгіріп, улы зат туралы айғайлай бастаған. Төреші жағдайды өз бақылауына алып, сынапты сөмкеге жинап алып, полиция шақырды. Байқауды ұйымдастырушылар бейнебақылау камераларын қарап, Амина Абакарованың сынапты қалай құйып жатқанын көрген", – делінген ақпаратта.

Видеодан қыздың турнирдің келесі матчтарының тізімін қарап, содан кейін тақталардың біріне келіп, астына белгісіз затты құйып жатқанын көруге болады.

"Амина Абакарова сияқты тәжірибелі спортшынының неліктен мұндай қадамға барғанын түсінбеймін. Оның жасаған әрекеті шахмат үйінде болған барлық адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді. Енді ол өз әрекеті үшін заң алдында жауап беруі керек. Амина Абакарова Дағыстан чемпионатына қатысудан бірден шеттетілді, ол өмір бойына жарыстан шеттетіліп, жұмыстан босатылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – деді Дағыстанның спорт министрі Сажида Сажидов.

Қазір спортшы қамауға алынған, полиция тергеу жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу