Шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербек екі бөлмелі пәтер табысталды

443

20 жасқа дейін әлем чемпионы атағын иеленді.

Шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербек екі бөлмелі пәтер табысталды Фото: Астана әкімдігі

Бүгін Астана қаласының әкімі шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Әлемдік шахмат спортында тамаша табыстарға қол жеткізген Қазыбек Нөгербек өзінің мансабында бірнеше жетістіктерге жетті. Соның ішінде 20 жасқа дейін әлем чемпионы атағын иеленді. Оның Үндістанда өткен әлем чемпионатындағы соңғы жеңісі ерекше назар аудартады, онда ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген 120 қатысушының ішіндегі мықты бәсекелестерінен оқ бойы озып шықты.

Салтанатты жиында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазыбек Нөгербекті жеткен жетістігімен құттықтап, "Damu Development Group" консорциумы берген баспана алу сертификатын табыс етті.

Шараға қатысқан елордалық федерация президенті А.Е.Сағымбаев спортшының жетістіктерін мақтан етіп, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруды тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу