Қыздарымыз алдымен Франция құрамасын жеңді (Меруерт Камалиденова мен Әмина Қайырбекова көзге түсті). Одан кейін олар Олимпиада чемпиондары – Украина құрамасын ұтты.
Бұл белдесуде Бибісара Асаубаева үздік атанды. Ол бұрынғы әлем чемпионы Анна Ушенинаны жеңді. Алуа Нұрманова да осы чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Енді біздің команда топта кем дегенде екінші орын алуға мүмкіндігі бар.
Ертеңгі ойында қыздар Грузия құрамасымен ойнайды. Грузия 2015 жылғы командалық әлем чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ олар плей-оффқа шығуға жақын қалды. Біздің құрамадан ірі есеппен ұтылса ғана украиндар мен француздарға мүмкіндік туады.
Екінші топта АҚШ құрамасы финалдық ойындарға шығатын болды. Ал Польша, Қытай және Болгария құрамалары топта екінші орын алу үшін таласуда.