Шахтада апат орын алып, 15 адам қаза тапты

463

Венесуэланың Боливар штатында "Булья Лока" кеніші опырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шахтада апат орын алып, 15 адам қаза тапты Фото: venezuelanalysis.com

"Өкінішке қарай, заңсыз шахтаның құлауы кезінде қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деді Венесуэла Президенті Николас Мадуро.

Боливар губернаторы Анхель Маркано шахтадағы операцияға қатысатын құтқарушылар күшейтілетінін айтты.

Апат 20 ақпан күні болған. Кеніш алты ай бойы контрабандашыларға толы аймақта жұмыс істеді.

Құтқарушылар келгенше аман қалған кеншілер әріптестерін үйінді астынан құтқармақ болған.

Булья Лока орналасқан Ангостура мэрі кемінде 30 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады. Шахтаның бір бөлігі 35 метр тереңдікте опырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу