Бұл іске қатысты құрылған арнайы комиссия мүшелері осылай деп мәлімдеді. Еске салсақ, төтенше жағдай желтоқсанның 30-ында Хромтау қаласындағы "Весенняя-Аралчинская" жерасты кенішінде болды. Жарылыс жұмыстарынан кейін, ауаға қою ақ тұман жайылып, газға уланып төрт адам қайтыс болған. Ал бір жұмысшы барлық нұсқаулықты сақтай, қорғаныш киімін киіп аман қалған еді.
Комиссияның қорытындысымен белгілі болғандай, апат шахтаның бас инженерінің салғырттығынан болған. Өйткені жарылыс кезінде қауіпсіздік ережесі сақталмапты. Және учаске бастығы жарылыстан кейін жерастын улы газдардан тазартып, желдеткіш қосу керек-ті. Алайда, олай болмапты. Қазір полиция істі одан әрі тергеп жатыр. Ал, марқұмдардың отбасына өтемақы төленеді.