Шахтада жарылыс болып, 3 адам көз жұмды

1395

 Шахтада жарылыс болып, 3 адам көз жұмды

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына тиесілі "Казахстанская" шахтасында жарылыс болды.

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін таңғы төрт шамасында болған. Кенеттен метан ауаға тарап, соңында жарылыс болған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ апаттың себеп салдары анықталғанша шахта жұмысы тоқтатылды.

Алдын ала жасалған қорытынды бойынша жарылыс шахтаның 600 метр тереңдігінде газдың мөлшері 70 пайызға дейін көбейіп кетуінен болған. Оқыс жайттан көз жұмған 1983 жылы туылған Рустам Ахметжанов, 1980 жылы туылған Валерий Руденко және 1986 жылы өмірге келген Максим Шебанов екені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу