Шахтадағы апат: екі кеншіге ота жасалмақ

521

Дәрігерлер Ленин атындағы шахтада болған апаттан зардап шеккендердің қал-жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.  

Шахтадағы апат: екі кеншіге ота жасалмақ Фото: ekaraganda.kz

Ленин шахтасында апаттан зардап шеккен төрт кенші профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Екі кенші операцияға дайындалуда, қалғандарының жағдайы тұрақты.

"Зардап шеккен екі адам мидың ашық жарақатын алған және газдан уланған. Екеуі де операцияға дайындалуда. Оны бір сағат ішінде өткізу жоспарланып отыр. Олар есін біледі, алайда жағдайлары ауыр. Жарақаттың ауырлығын ескере отырып, болжам жасау ерте", - деді Х.Ж. Мақажанов атындағы аурухананың медициналық бөлімі директорының орынбасары Талғат Жүкен.

Зардап шеккен тағы екі адам токсикология бөлімінде. Олар метан мен көміртегі тотығымен ауыр түрде уланған. Жағдайлары тұрақты.

Осыған дейін Шахтинск қаласындағы ауруханаға консилиум өткізу үшін санавиациямен құрамында 2 нейрохирург және 2 реаниматолог бар Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана мамандарынан құралған бригада келіп жеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу