Дәрігерлердің айтуынша, шахтада зардап шеккен төрт кеншінің жағдайы қалыпты, бірақ әлі де ауыр.
Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана директорының орынбасары Талғат Жүкен "Арселор Миттал Теміртау" АҚ (АМТ) шахтасында газдың шығуынан зардап шеккеннің төрт кеншінің жағдайы туралы айтып берді.
"Токсикология бөлімшесінде жатқан пациенттің жағдайы тұрақты, нашарлаған жоқ. Оң динамика бар. Санитарлық авиация желісі арқылы жеткізілген, ота жасалған пациенттің жағдайы тәуірлей бастады. Науқастар жансақтау бөлімде жатыр. Олар өкпені жасанды желдету құралынан ажыратылды, жағдайлары жақсарып келеді", – деді Талғат Жүкен.
Еске саламыз, бір күн бұрын екі кеншіге ота жасалған болатын. Тағы екеуінің жағдайы бірқалыпты.