18 тамызда өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Кеңгірбай Есенеев өткен жылы "Казахстанская" кенішінде жүздеген заң бұзушылықтар анықталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Кеңгірбай Есенеев қазақстандық кеніш соңғы рет өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында тексерілгенін айтты.
"Онда 168-ден астам заңбұзушылық анықталып, заңды тұлға айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел заң бұзушылықтар үшін талап қою арызының материалдары үш нысан жұмысын тоқтата тұру үшін экономикалық сотқа жіберілді", – дейді Кеңгірбай Есенеев.