Шахтаға құлаған жасөспірімдердің дәнекерленген есіктен қалай кіргені белгісіз

1042

Шахтаға құлаған жасөспірімдердің дәнекерленген есіктен қалай кіргені белгісіз

Атырауда болған қайғылы оқиғадан кейін арнайы  комиссия құрылып, барлық лифт шаруашылықтары тексеріледі.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қалалық ТЖ және жұмылдырылған жұмыс бөлімінің басшысы Талғар Хайруллин мәлімдеді.

Оның айтуынша, екі жасөспірім қаза тапқан жазатайым оқиғаның себебін анықтайтын комиссия құрылған.

"Барлық лифт шаруашылықтарына тексеру жүргізіледі. 94  көп қатарлы тұрғын үйде 266  лифт орнатылған.  Оның 32-сі жұмыс істемейді,  жетеуі - жүк лифті", - дейді Талғар Хайруллин.

Оқиға болған үйдегі жүк лифті 2012  жылы демонтаждалған, есіктері дәнекерленген. 
"Жасөспірімдердің лифт шахтасына қалай кіргендерін тергеу жұмыстары мен құрылған комиссия анықтайды", -  дейді Талғар Хайруллин.

Жазатайым оқиға болған тұрғын үй 2007  жылы салынған, 2010  жылы  16 қатарлы үй күрделі жөндеуден өтті,  сол кезде лифтілер де жөнделген. Лифтілерді іске қосумен  "Каспий лифт" ЖШС айналысады, ПИК, пәтер иелері мен аталған мекеме арасында үшжақты келісім жасалған.

Еске сала кетсек, оқиға кеше кешкісін сағат 21:00 шамасында болған. Облыс орталығындағы "Алмагүл" ықшам ауданының 19-үйінде жүк лифтісінде екі жасөспірім шахтаға құлап кеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу