Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының презденті Олжас Абраев Қарағанды қаласындағы "Шахтер" футбол клубының стадионына барып қайтты, деп хабарлайды prosports.kz.
Олжас Абраев жергілікті клубтың басшылығынымен жолығып, стадионның жағдайымен танысты. Нәтижесінде маусымның соңына дейін стадионда ресми ойын өткізуге тыйым салынды.
Келесі жылы стадионның төсенішін ауыстыру бойынша жұмыстар жоспарлануда. Әзірге құрылыстың құжаттары дайындық үстінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу