Ақтөбе облысында шахтерлар мен кеншілерге жаңа пәтерлер мен автокөліктердің кілттері табыс етілді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Хромтау қаласының мыңдаған тұрғындары Дөң тау-кен байыту комбинатының 80 жылдығын атап өтті. Қала құраушы кәсіпорынның мерейтойына орай "Кенші" стадионында интерактивті бұқаралық қойылымды орасан зор шоу өтті. Кәсіпорынның үздік қызметкерлерін құттықтап, Қазақстан мен Ресейдің танымал орындаушылары өнер көрсетті.
Мерейтойды мерекелеу аясында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен ERG менеджерлер кеңесінің төрағасы Хромтау қаласында Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері үшін салынған 120 пәтерлі жаңа үйге барды.
Дөң тау-кен байыту комбинаты қызметкерлері үшін жаңадан салынған үйдің бір шаршы метрі 118 мың теңгеге жуық. Еуразиялық топтың тұрғын үй бағдарламасымен пәтерлерді 20 жылға дейін төмен пайыздық мөлшерлемемен сатып алу құқығымен жалға беру қарастырылған.
ERG-нің тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру кезеңі ішінде Хромтауда ДТКБК-ның 500-ге жуық қызметкері баспаналы болды.
Негізгі салтанатты шара "Кенші" стадионында өтті. ШараДТКБК-ның 80 жыл ішіндегі жетістіктері туралы баяндаған әдемі интерактивті шоудан басталды. Сахна төрінде үздік жұмысшылар марапатталып, облыс әкімінің мақтау қағаздарын, корпоративтік марапаттарды иеленді.
Он қызметкерге автоөлік кілті табысталды.
Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың Дөң тау-кен байыту комбинаты қызметкерлерінің балаларымен бірге өнер көрсетуі тосынсый болды. Кеш ресейлік "Серебро" тобының өнерімен және мерекелік от-шашумен аяқталды.
Айта кетейік, Дөң тау-кен байыту комбинатының 80 жылдық жұмысында 208 000 000 тоннадан астам хром рудасы өндірілген. Бұл ұзындығы 41 600 шақырымдық теміржол құрамына тең, яғни жер экваторының ұзындығынан көп.