Шахтерлердің зейнетке шығу жасын төмендету жыл соңына дейін шешіледі

418

Бұл сұраққа бүгінгі Үкімет отырысынан кейін Еңбек министрі Светлана Жақыпова жауап берді.

Шахтерлердің зейнетке шығу жасын төмендету жыл соңына дейін шешіледі Фото: gov.kz

55 жастан зейнетке шығатын кеншілер саны 46 мыңға жуықтайды. Оларға берілер төлем үш көзден аударылады. Нақтырақ айтсақ республикалық бюджеттен, өмірді сақтандыру компаниялары мен жұмыс беруші есебінен жүргізілетін болады. Бірақ әр азаматқа қанша теңгеден төлем берілетінін министр нақты айтпады.

"Біз бір күнкөріс шегі көлеміндегі бюджеттік өтінімді рәсімдедік. Оның үш жылға арналған сомасы - 45 млрд теңге, яғни жылына 15 млрд теңгеден", - деді Жақыпова. 

Министр мәселені жыл аяғына дейін біржақты етеміз деп отыр.

"Біз жыл соңына дейін заң жобасын енгізуіміз керек. Бүгінгі таңда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өмірді сақтандыру компанияларымен бірлесіп есептеулер жүргізуде. Біз өз тарапымыздан екі талапты айқындадық. Бұл шахтерлердің 55 жастан асуы және Біріңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорында 7 жыл ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуы", - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу