Шахтинск қаласында карантин шаралары күшейтілді

840

Қала сыртына бес блок бекеті қойылды. 

Шахтинск қаласында карантин шаралары күшейтілді

Қарағанды облысында күн санап сырқат жұқтырғандар қатары артып келеді. 12 сәуірдегі жағдай бойынша 63 адам короновирус кеселіне тап болған. Оның ішінде 62 жастағы бір адам қайтыс болды. 11 сәуірде ең алғаш вирусты жұқтырған Қарағандыдағы науқас, емделіп үйге шықты. Ол Минск – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтың жолаушысы еді.

Мамандардың алаңдаушылығын туғызып отырған Шахтинск қаласы болып отыр. Мұнда сырқат деңгейі өрши түскен. Бұл қалада жеті тұрғынның короновирусқа шалдыққаны мәлім болды. Шахтинск қаласына 12 сәуірден бастап көліктерге кіруге және шығуға тыйым салынады. Қаладағы қоғамдық көліктер қызметі тоқтайды, сондай-ақ тұрғындарға жеке көлікпен жүруге де тыйым салынады.

"Аурудың таралуына жол бермеу және тұрғындарды қорғау мақсатында қосымша шаралар қажет болды. Шахтинскіде сырқаттану  көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда бір жағдайдан асты", – деп мәлімдеді Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Қанат Асқаров.

Шахтинскінің сыртына бес блок бекеті  қойылады. 

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу