Шахтинск қаласында көпқабатты 30 үй жылу беру маусымына дайын болмаған

672

Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының тұрғындары Екібастұздың күйін кешеміз бе деген үрейде. Себебі, 63 жылдан бері жөндеу көрмеген орталықтандырылған қазандықтан жылу тиісті деңгейде  келмейді.

Шахтинск қаласында көпқабатты 30 үй жылу беру маусымына дайын болмаған

Амангелді Сағынтаев аязды күндер басталғалы бері баспанасының суып кеткеніне налиды. Батарейдегі жылудың  қызуы мардымсыз. Салдарынан отбасы мүшелері сырт киіммен жүруге мәжбүр. 

"Енді міне  кәдімгідей қол күйдіретін ыстық жоқ. Соншалықты ыстық емес. Салқын. Үш күн болды", дейді Шахтинск қаласының тұрғыны Амангелді Сағынтаев.

Тұрғындардың сөзінше, қазандықтың жағдайы әбден тозығына жеткен. Салдарынан қаланың 80 пайызы жылусыз отыр. Қазір  үйлердегі температура 12- 18 градустан аспайды.

Қазіргі таңда жылу деңгейі төмен деген тұрғындар шағымы артқан. Бұқара орталықтандырылған қазандықтың тиісті деңгейде жылу беретін қауһары жоқ екендігін айтады. Ол аздай, бүтін бір қаланы тек екі қазандық қана жылытып отыр. Салдарынан ауырған бала саны артқан. 

"Төрт баланың үшеуі ауырып жатыр. Балабақшаға да, сабаққа да барған жоқпыз. Өте суық. Ал былтыр мұндай болмаған", дейді Шахтинск қаласының тұрғыны Тынышгүл Ақназарова.

Ал жылу таратушы мекеме басшысы үшінші  пештің жөндеуде екенін мойындады. 

"Қазандықты кеш бастадық ремонтын. Оған 90 күн уақыт керек. Сондықтан тездетіп 1 желтоқсанда бітеді. Жұмыстарды қалпына келтіру үшін улкен инвестициялар керек. Облыстық әкімдікпен сөйлесіп жатырмыз", дейді "Шахтинск жылу электр орталығы" ЖШС директоры Мұрат Әлимов.

Бүгінде жергілікті билікке көпқабатты 30 үйдің тұрғындарынан шағым түскен. Тиісті комиссия мүшелері де іске көшкен. Ал, ескірген қазандықтың жөндеу жұмысына  биыл мемлекеттен 1 млрд 400 млн теңге бөлінген. Алайда, бұл қаржы толық жөндеуден өткізуге жетпейді.

Айман Сағатай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу